Лицензиялық кілтті Басқару серверінің қоймасына қосу

Басқару сервері қоймасына лицензиялық кілтті қосу үшін:

  1. Консоль ағашында «Лаборатория Касперского» лицензиялары қалтасын таңдаңыз.
  2. Лицензиялық кілтті қосу тапсырмасын келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Лицензиялық кілттің контекстік мәзірінде Белсендіру кодын немесе кілт файлын қосу тармағын таңдаңыз.
    • Лицензиялық кілттер тізімін басқару блогында Белсендіру кодын немесе кілт файлын қосу сілтемесі арқылы өтіңіз.
    • Белсендіру кодын немесе кілт файлын қосу түймесін басыңыз.

    Лицензияның кілтін қосу шебері іске қосылады.

  3. Басқару серверін белсендіру тәсілін таңдаңыз: белсендіру кодын пайдалану арқылы немесе кілт файлын пайдалану арқылы.
  4. Белсендіру кодын немесе кілт файлын көрсетіңіз.
  5. Желіңізде тиісті лицензиялық кілтті дереу таратқыңыз келсе, Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату параметрін таңдаңыз. Осы параметрді таңдамасаңыз, лицензиялық кілтті кейінірек қолмен тарата аласыз.

Нәтижесінде, кілт файлы жүктеліп, Лицензияның кілтін қосу шебері аяқталады. Енді "Лаборатория Касперского" тізімінде осы лицензиялық кілтті көре аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқарылатын бағдарламаларды лицензиялау

Қолданылатын лицензиялық кілттер туралы ақпаратты қарап шығу

Басқару серверінің лицензиялық кілтін қосу

Басқару серверінің лицензиялық кілтін жою

Лицензиялық кілтті клиент құрылғыларына тарату

Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату

Лицензиялық кілттерді қолдану туралы есепті жасау және қарап шығу

Бағдарламаның лицензиялық кілттері туралы ақпаратты қарап шығу

Негізгі орнату сценарийі

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Басына оралу